Құтыдағы жаз

33600 ₸
Товар успешно добавлен в корзину!
Ошибка добавления товара.
Тапсырысты рәсімдеу кезінде икемді нұсқалар қолжетімді
Дүкеннен кез-келген дайын тағамды сатып алуға болатын қазіргідей екпінді кезеңде, біздің мынадай сұрақ жиі
мазалайды: тағамдар әзірлеуге, әсіресе консервілеуге уақыт шығындаудың қажеті бар ма?
Әрине, бар! Оған себеп мынау:
Дүкеннен сатып алынған консервілер әрдайым «орташаландырылған» болады. Бәлкім олар лайықты өнім болар,
бірақ сіз бала кезіңізден есте қалған дәмі мен қытыры бар тұздалған қиярды, немесе отбасы рецепті бойынша
әжеңіз жасаған баклажан уылдырығын, немесе балаларыңыз жақсы көретін тосапты дүкеннен сатып ала
алмайсыз.
Егер сіз өз учаскеңізде көкөніс өсірсеңіз, үйдегі консервілеу жинаған өніміңізді сақтауға септігін тигізеді, осылайша
еңбегіңіз зая кетпей, оның жемісін қыс бойы көресіз. Үйдегі дайындаманың кішігірім құтысына жақындарыңызға
деген қамқорлық пен махабатқа көмкерілген жарқыраған жаз бен жемісті күздің жұпарын, дәрумендер мен
пайдалы заттардың молдығын сыйдырып жіберуге болады.
Ал асүйіңізде Термомикс болса, функциялары қатарына консервілеу де кіретін асүйдегі бұл бірегей көмекшіні
міндетті түрде пайдалану керек.
Термомикс үйдегі консервілеу процесін оңайлататыны соншалық, бұл іспен алғаш рет айналысып жатқан жандар
да, аздап қол үйретіп алған соң біздің кітабымыздағы кез-келген дайындаманы жасап, өз рецептерін әзірлейтін
болады. Мұны жасау кезіндегі ең күрделі жұмыс — дайындамаларыңыз барынша ұзақ сақталуы үшін құтыларды
мұқият зарарсыздандыру.
Читать больше

Спасибо! Ваша заявка на обслуживание отправлена.
Oops! Something went wrong while submitting the form.
Please refresh and try again.