THERMOMIX-КЕ 24 АЙҒА ДЕЙІНГІ КЕПІЛДІК БЕРІЛЕДІ*
24 айлық кепілдік ТМ-ды үй жағдайында
пайдалану кезіндегі ақаулы бөлшектерге
таралады.
*6 айлық кепілдік коммерциялық пайдалану
кезіндегі, мысалы, мейрамханада пайдалану кезіндегі ақаулы
бөлшектерге таралады.
Соңғы кезде компанияға Thermomix® асүй процессорларына арналған, бөгде жеткізушілер ұсынатын
аксессуарлар туралы хабарламалар көптеп түсе бастады. Олар Thermomix® түпнұсқа бөлшектері мен
аксессуарларын алмастырғыш немесе оларға қосымша ретінде ұсынылады. Осы жағдайға байланысты,
Vorwerk компаниясы келесідей мәлімдеме жасайды: біз Vorwerk түпнұсқа өнімін немесе сіздің Thermomix®
құрылғыңыз үшін Vorwerk компаниясы мақұлдаған аксессуарларды ғана пайдалануды ұсынамыз. Сіз Vorwerk
Thermomix® түпнұсқа қосалқы бөлшектері мен аксессуарларын пайдалана отырып, өндіруші белгілеген
қауіпсіздік шараларының барлығы сақталғанына және сіздің Thermomix® құрылғыңыз тиісті түрде істеп
тұрғанына сенімді бола аласыз. Сіздің және Thermomix® құрылғыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін,
біздің аксессуарларымыз мұқият түрде тестілеуден өткізілді. Біз Vorwerk компаниясы өндірмейтін және
мақұлдамайтын аксессуарларды пайдалану салдарынан болған жарақаттар үшін жауап бермейміз. Бөгде
жеткізушілер аксессуарлары пайдаланылған кездегі сіздің кепілдік бойынша өтініштеріңіз, сондай-ақ Vorwerk
компаниясы өндірмеген аксессуарларды пайдалану салдарынан зиян келген кездегі өнім сапасына қатысты
наразылығыңыз заңға сай емес болуы мүмкін екенін ескеруіңізді өтінеміз.
Бізбен хабарласу

КЕПІЛДІК VORWERK МАҚҰЛДАҒАН
ТҮПНҰСҚА ӨНІМГЕ НЕМЕСЕ
АКСЕССУАРЛАРҒА ҒАНА ТАРАЛАДЫ

Термомикс пен оның барлық жиынтықтауыштары жоғары сапамен және сенімділікпен ерекшеленеді. Ақауы бар
өнім өте сирек кездеседі. Бұл кезде кепілдік сізге көмекке келеді. Кепілді мерзім туралы ақпарат сіздің сатып алу
туралы құжатыңызда көрсетіледі. Термомикс Vorwerk компаниясы шығарған жиынтықтауыштармен үйлесіп,
солармен ғана дұрыс жұмыс істейді. Ол түпнұсқа емес жиынтықтауыштармен, аксессуарлармен және қосалқы
бөлшектермен пайдаланылса, өнімге кепілдік жарамсыз болады. Компанияның ресми сервис мамандары ғана
оған қызмет көрсетіп, оны жөндей алады. Авторизацияланған сервис орталығына жүгінген жағдайда ғана жұмыс
сапасының жоғары деңгейіне кепілдік бере алатынмызға назарыңызды аударғымыз келеді.

Thermomix эксклюзив рецептерін, аспаздық сабақтарын, ұсыныстар мен соңғы жаңартуларды тікелей пошта жәшігіңізгеалыңыз.