ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

ТЕРМОМИКСТІ ҚАЙДАН ЖӘНЕ ҚАЛАЙ КӨРГЕН ДҰРЫС?

Термомикспен танысудың ең дұрыс тәсілі – Онлайн-таныстырылымды немесе үйдегі таныстырылымды брондау.Таныстырылымның кез-келген түрін брондау үшін мына нысанды толтырсаңыз, Консультант қысқа уақыт аралығындасізбен хабарласады. Ол сізге Термомикс ТМ6-ны көрсетіп, барлық сұрақтарыңызға жауап береді. Егер сіз толыққандыаспаздық саяхаттың қожабикесі атансаңыз, сізді қожабикеге арналған тамаша сыйлықтар күтіп тұр.

ТЕРМОМИКСТІ ҚАЛАЙ ЖӘНЕ ҚАЙДАН САТЫП АЛА АЛАМЫН?

Термомикс ТМ6-ны Термомикстің сату жөніндегі офистері бар жерлерде (байланыс деректерімізге сілтеме) ТермомиксКонсультанттары таныстырады және сатады. Сіз өз Термомиксіңізден барынша пайда алып жатқаныңызға көз жеткізу үшін,біздің дарынды консультанттар Термомикспен болатын саяхат бойы сізді сүйемелдеп отырады. Таныстырылымды брондауүшін мына нысанды толтырсаңыз, біздің Консультантымыз сізбен қысқа уақыт аралығында хабарласады.

МЕНДЕ КОНСУЛЬТАНТ ЖОҚ, НЕ ІСТЕСЕМ БОЛАДЫ?

Таныстырылымды брондау үшін мына нысанды толтырсаңыз немесе 8(800)555-69-69 қауырт желісіне телефоншалсаңыз, біздің Консультантымыз сізбен қысқа уақыт аралығында хабарласады.

ЕГЕР КОНСУЛЬТАНТПЕН ХАБАРЛАСҚЫМ КЕЛМЕСЕ, ТМ6-НЫ ӨЗІМ ТІКЕЛЕЙСАТЫП АЛА АЛАМЫН БА?

Иә, сіз біздің сайт арқылы Термомикске тапсырыс беруіңіз қажет (сілтеме бойынша өту) немесе 8(800)555-69-69 қауырт желісіне телефон шалуыңыз керек.

МЕН ҚАЛАЙША ТЕРМОМИКС КОНСУЛЬТАНТЫ АТАНА АЛАМЫН?

Қазір біздің қатарымызға қосылу үшін тамаша кезең! Мына сауалнама нысанын толтыруыңызды өтінеміз. Оданарғы қадамдарды талқылау үшін сізбен Дамыту жөніндегі менеджер немесе Топ көшбасшысы хабарласады.

МЕН ЖАҚЫНДА ТЕРМОМИКС ТМ6 САТЫП АЛДЫМ. МЕН КОНСУЛЬТАНТ БОЛААЛАМ БА?

Иә, бола аласыз. Қазір біздің қатарымызға қосылу үшін тамаша кезең! Мына сауалнама нысанынтолтыруыңызды өтінеміз. Одан арғы қадамдарды талқылау үшін сізбен Дамыту жөніндегі менеджер немесе Топкөшбасшысы хабарласады.

ТЕРМОМИКСТІ БӨЛІП ТӨЛЕП АЛСАМ БОЛА МА?

Иә, бізде Термомиксті сатып алу үшін бірнеше төлем тәсілі бар. Толық ақпарат алу үшін сайтымыздағы бағатуралы бетке өтуіңізді өтінеміз..

МЕН ТЕРМОМИКСТІ РЕСЕЙДЕ САТЫП АЛҒАНМЫН, БІРАҚ ҚАЗІР БАСҚА ЕЛГЕКӨШІП ЖАТҚАНДЫҚТАН, ОНЫ ӨЗІММЕН БІРГЕ АЛА КЕТЕЙІН ДЕП ЕДІМ. МЕНІҢКЕПІЛДІГІМ ЖАРАМДЫ БОЛА МА?

Ресейде немесе Қазақстанда сатып алынған және басқа елге көшірілген Термомикстің сатып алынған күніненбастап екі жылдық кепілдігі сақталады. Егер сіздің Термомиксіңізге кепілді жөндеу қажет болса, сізге аспаптықайтадан Ресейге жеткізуді ұйымдастырып, төлеуіңіз, сонымен қатар оны өзіңіз тұрып жатқан елге тасымалдаубойынша шығындарды төлеуіңіз қажет болады.

Термомикске кепілдік ол сатып алынған елге ғана таралады. Дегенмен, Ресейде немесе Қазақстанда сатыпалынған Термомикске кепілді қызмет көрсету қос елде де жарамды.

ФОРВЕРК КОМПАНИЯСЫНЫҢ Б/Ұ ТЕРМОМИКСІН САТЫП АЛА АЛАМЫН БА?

Біздің компания Форверк компаниясының дистрибьюторы және жаңа Термомикстар ғана сатады.

ТЕРМОМИКС ПЕН ОНЫҢ АКСЕССУАРЛАРЫН ЖЕТКІЗУ АҚЫЛЫ МА?

Иә, ТМ6 мен оның аксессуарларын жеткізу ақылы. Жеткізудің нақты құны жүктің өлшемі мен салмағына жәнемежелі мекенжайына байланысты болады. Егер сіз Ресейдің Еуропалық бөлігінде тұрсаңыз, шамамен 5-10жұмыс күні ішінде жеткізіледі. Біз тауарды жеткізу үшін бөгде фирмалар қызметін пайдаланамыз, сондықтан дәлуақытын солар анықтайды.

ТЕРМОМИКС ҚАЛАЙ ЖӘНЕ ҚАЙДА ӨНДІРІЛЕДІ?

Термомикс Еуропада әзірленген және сонда шығарылады. Ол жоғары дәрежелі инженерияны, дәлтехнологияларды және сапасы жоғары материалдарды өз бойына біріктірген.

Германияның Вупперталь қаласында орналасқан Форверк, компаниясы Әзірлемелер және Дамыту бөліміинженерлерінің бір ғана мақсаты бар – сапаның максималды деңгейіне жету. Олардың өндіріс бойыншапроцедуралары қоршаған ортаға зиянсыз әрі ұдайы тексерістерден өтіп тұрады. Өндірістің әрбір кезеңі жоғарыэко стандарттарға сай.

Осы қатаң стандарттар Форверк компаниясының дүние жүзі бойынша өндірістік процестерінің барлығынақолданылады. Форверк әзірлеу, дамыту мен өндірісті бір жерге топтастырған және компания ең жоғарыстандарттарды бүкіл бизнесте қолданады.

МЕН ӨЗ ТЕРМОМИКСІМЕ АРНАЛҒАН РЕЦЕПТЕРДІ ҚАЙДАН ТАБА АЛАМЫН?

Сіз басқарылатын ас әзірлеуден 500-ден аса рецепт таба аласыз. Басқарылатын ас әзірлеу — бұл сіздің ТМ6құрылғыңызға алдын ала орнатылған рецептер. Сондай-ақ сату жөніндегі офистерімізде немесе интернетдүкенімізде (дүкен сілтемесі) сатып алуға болатын кітаптарымызда да сізді аспаздық шабыт күтіп тұр.

ТЕРМОМИКС РЕЦЕПТЕРІНДЕ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БАР МА?

Термомикске арнап әзірленген барлық рецептер үшін құнарлылығы туралы ақпарат бар, сіз бұл ақпараттыжүктелген рецептерден немесе сізді қызықтырған рецепт бетіндегі кітаптардан таба аласыз.

ТМ5-ПЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ТМ6-ДА ҚАНДАЙ ӨЗГЕШЕЛІК БАР?

ТМ6 – бұл өндірілгендер ішіндегі ең үздік Термомикс. Ол ақылды және оған қадам-қадаммен ас әзірлеу процесінТермомиксіңіздің экранынан тамашалауға мүмкіндік беретін 500-ден аса рецепт алдын ала жүктелген. Бұл реттесіз сенсорлы экран көмегімен қолдан басқару режимі арқылы уақытты, температураны және жылдамдықтыбақылай аласыз.


ТМ6 20-дан аса функцияны, жүктелген 12 режимді өз бойына біріктірген және алдын ала орнатылғанрецептремен жеткізіледі.

ҚАДАМ-ҚАДАММЕН АС ӘЗІРЛЕУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Қадам-қадаммен ас әзірлеу функциясы көмегімен сіздің Термомиксіңізде тамақ пісіру бұрын болмағандай оңайбола түсті. Бар болғаны рецепт таңдап, әрбір қадам үшін уақыт, температура және жылдамдық алдын алаорнатылған экранда қадам-қадаммен берілетін нұсқауларды орындасаңыз жеткілікті. Термомиксіңіз ыдысқа қайингредиентті қашан қосу керек екені айтып отырады, оны орындаған соң, келесі қадамға өту үшін «Әрі қарай»түймесін басыңыз. Сондықтан, аспаздықтың қыр-сырын енді үйреніп жүрсеңіз де, тіпті рецепті күрделі тамақтыпісіретініңізге сенімді бола аласыз.


Кезекті ингредиентті өлшейтін кез жеткенде, таразы автоматты түрде қосылады. Термомикс тіпті қайтемпературамен пісіріп, тағамды қаншалықты ұзақ араластыру керек екеніне дейін айтып отырады. Қадам-қадаммен ас әзірлеу функциясын асүйдегі көмекшіңізге айналдырыңыз. Жүктелген рецептердің барлығындақадам-қадаммен ас әзірлеу функциясы бар, ал жоғары температура қолданылатын рецептерді қадам-қадамменас әзірлеу режимінде ғана пайдалануға болады.

ТЕРМОМИКС ТМ6-ДАҒЫ БАЯУ ПІСІРУ РЕЖИМІ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Баяу пісіру режимін пайдаланып, ТМ6 құрылғыңызда дәмді бұқтырылған шошқа етін пісіріңіз. Төментемператураларда 800 г дейін ет пісіріңіз (максималды температура 98 градус, 1 сағаттан 8 сағатқа дейін). Баяупісіру етті жұмсақ етіп әрі оның хош иісін шығарып, сіз әзірлеген рагу, карри, сорпа, көмбеш пенқышқұмыралардағы тағамдарды ұмытылмастай дәмді етеді. Пышақтар белгіленген уақыт көлемінде керібағытта айнала бастайды, одан соң тағам толық дайын болғанға дейін 1 минут бойы кері айналу мен 1 минутқатоқтау кезек алмасып отырады.

ТЕРМОМИКС ТМ6-ДАҒЫ КАРАМЕЛЬДЕУ РЕЖИМІ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Термомикс ТМ6 құрылғыңыздың көмегімен тамаша десерттер және қытырлақ карамель жасаңыз. Карамельдеурежимі қадам-қадаммен ас әзірлеу режимі бар белгілі бір рецептерде ғана қолжетімді.

ТЕРМОМИКС ТМ6-ДАҒЫ ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРАЛАР РЕЖИМІ ҚАЛАЙ ЖҰМЫСІСТЕЙДІ?

Қуырылған ет пен карамель дәмі рационыңыздың бір бөлігіне айналсын. Термомикс сізге температураны 37 °Cмен 120 °C арасында дәл бақылауға мүмкіндік береді. Жоғары температуралар қадам-қадаммен ас әзірлеурежимі бар белгілі бір рецептерде ғана қолжетімді..

ТЕРМОМИКСТЕ ҚУЫРУҒА БОЛА МА?

Термомикс ТМ6-ны 160 °C дейін қыздыруға болады, бұл етті немесе пиязды қуыруға мүмкіндік береді. Мұны текжоғары температуралар режимінде және тек қадам-қадаммен ас әзірлеу кезінде жасауға болады.

ТЕРМОМИКС ТМ6-ДА ЙОГУРТ ӘЗІРЛЕЙ АЛАМЫН БА?

Иә. Термомикс ТМ6-да йогурт әзірлеуіңізге болатын ферменттеу режимі бар.

ТМ6-ДА ФЕРМЕНТТЕУ РЕЖИМІ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Термомикс ТМ6 құрылғыңыздағы ферменттеу режимінде пребиотиктар бар пайдалы йогурт әзірлеңіз.Йогуртыңыз жетілуі үшін Варом тіркемесі көмегімен мінсіз температура құрып, оны ұстап тұра аласыз.

ТЕРМОМИКС ТМ6-ДАҒЫ СУ-ВИД РЕЖИМІ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Термомикс ТМ6 құрылғыңыздағы жаңа режимде ет пен балықты су-вид әзірлеу бойынша маман атаныңыз. Сізден күш жұмсауды қажет етпейтін жұмсақтық. 300 г дейін етті немесе көкөністі су-вид режимінде 30 минуттан 12 сағатқа дейін (максимум) пісіріңіз.

ТЕРМОМИКС ТМ6-НЫ ПОПКОРН ӘЗІРЛЕУ ҮШІН НЕМЕСЕ БАБЫНА КЕЛТІРІП ҚУЫРУ ҮШІНПАЙДАЛАНА АЛАМЫН БА?

Жоқ. Термомикс ТМ6 попкорн әзірлеуге немесе бабына келтіріп қуыруға арналмаған. ТМ6 қолдан және қадам-қадаммен әзірлеудің артықшылықтарын ұсынғанымен, жоғары температуралар режимі сіздің қауіпсіздігіңіз үшінмаксималды температуралармен жұмыс кезінде қадам-қадаммен рецептерде ғана қолжетімді болады. Сіз ТМ6-да алдын ала орнатылған уақытты, температураны және жылдамдықты пайдалана отырып, Форверк қатаңқауіпсіздік стандарттарына сәйкес рецептер бөлімі әзірлеген рецептер ләззатына кенеле аласыз. Сіз қолжетімдітемпературалардың қалған барлық диапазонын пайдаланып, бұрынғыдай ТМ6-да қолдан ас әзірлеу режиміндетамақ пісіре аласыз.

ТЕРМОМИКС ТМ5 ПЕН ТМ6-НЫҢ ҚАЙ АКСЕССУАРЛАРЫ ӨЗАРА БІР-БІРІНЕ КЕЛЕ БЕРЕДІ?

Термомикс ТМ6 мен ТМ5 модельдерінің миксер ыдысы мен пышағы бір-біріне келмейді. Қос модельдің ыдысынбасқа Термомикс моделіне қойып көруге болады, бірақ сіз дұрыс емес ыдыста тамақ пісіре алмайсыз жәнесіздің Термомиксіңіз қателік туралы хабарлама көрсетіп тұрады.

Шашыраудан қорғаныш, өлшеуіш ыдыс, бу себеті, қалақша, қақпақ, Көбелек және Варом тіркемесі – бұлаксессуарлардың барлығын қос модельде де шектеусіз пайдалануға болады. Толық ақпарат алу үшін, ТМ6 жәнеТМ5 аксессуарларының үйлесімі кестесін қарап шығуыңызды өтінеміз.

ТМ6 ӨЛШЕУІШ ЫДЫСЫНЫҢ ӨЛШЕМІ ТМ5 ӨЛШЕУІШ ЫДЫСЫНЫҢ ӨЛШЕМІНЕН ӨЗГЕШЕМЕ?

ТМ6 ыдысының мксималды көлемі ТМ5 ыдысының көлемі сияқты 2,2 литр. Бірақ ТМ6 ыдысын ТМ 5-пен жәнекерісінше пайдалануға болмайды. Толық ақпарат алу үшін ТМ6 және ТМ5 аксессуарларының үйлесімі кестесінқарап шығуыңызды өтінеміз.

ТЕРМОМИКС ТМ6-МЕН БІРГЕ ҚАНДАЙ АСПАЗДЫҚ КІТАП ЖЕТКІЗІЛЕДІ?

Термомикс ТМ6 сізге тікелей дисплейден қадам-қадаммен ас әзірлеуге мүмкіндік беру үшін, ТМ6құрылғыңыздың өзіне бағдарланған 133 рецепті қамтитын баспа Базалық кітаппен (ТМ6 арналған басылым)жиынтықталады.

ТЕРМОМИКС ТМ6-ДА ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ БОЛА МА?

Иә, әрине, нұсқаулық жиынтыққа кіреді.

ТЕРМОМИКС ТМ6-ДА 160°C ТЕМПЕРАТУРАДА АС ӘЗІРЛЕНІП ЖАТҚАНДА, ІШІНДЕГІТАҒАМ СУУЫ ҮШІН ҚАҚПАҒЫ БІРШАМА УАҚЫТҚА БҰҒАТТАЛА МА?

Термомикса ТМ6 қақпағы қыздыру режимі пайдаланылған соң 8 секунд бойы жабық күйде болады.

ЖАҢА ТЕРМОМИКС ТМ6-НЫ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ҮЙДЕ ИНТЕРНЕТ БОЛУЫ МІНДЕТТІМЕ?

Термомикс ТМ6-ны Интернет желісіне қоспай пайдаланады.

ВАРОМ ТЕМПЕРАТУРАСЫ ҚАНДАЙ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛАЙ ҚОЮ КЕРЕК?

Варом тіркемесі бумен тамақ пісіру үшін арнайы жасалған. Сіз сенсорлы дисплейдегі селектор көмегімен қажеттемператураны қоя аласыз. Варомға арналған максималды температура - 120°C. Дәл температура мысалы,өсімдік майы сияқты сіз пайдаланатын ингредиенттерге байланысты болады. Варом тіркемесінде бумен тамақпісіргенде ас әзірлеудің әрбір 15 минутына 250 мл су немесе су негізіндегі сұйықтық қажет болатынынұмытпаңыз. Варом температурасымен пайдалануға болатын максималды жылдамдық – 6 жылдамдық. Қыздыруфункциясы 6,5 жылдамдықтан бастап автоматты түрде өшеді.

ТЕРМОМИКС ТМ6-ДАҒЫ ПЫШАҚТАРДЫҢ КЕРІ АЙНАЛУ ФУНКЦИЯСЫН ҚАЛАЙПАЙДАЛАНСАМ БОЛАДЫ ЖӘНЕ ОЛ ҚАЙДА ОРНАЛАСҚАН?

Пышақтардың кері айналуын белсендендіру үшін, жылдамдық селекторын басыңыз. Сіз пышақтардың айналубағытын кез-келген жылдамдықта өзгерте аласыз. Төмен жылдамдықпен кері айналу майдалау қажет емесқұнтты өнімдерді байыппен араластыруды жүзеге асырады. Ол үшін:

1 Пышақтардың сағат тілімен айналуын кері қарай – сағат тіліне қарсы бағытқа ауыстыру үшін, экрандағыжылдамдық селекторын басыңыз. Жылдамдық селекторында сәйкес символ шығып тұрады.

2 Пышақтардың айналуын стандартты қалыпқа қайтару үшін, реверс таңбашасын қайта басыңыз немесе асәзірлеудің қойылған уақыты таусылып, айналу стандартты баптауларға автоматты түрде қайтып оралғанша күтетұрыңыз.

МЕН ӨЗ ТЕРМОМИКС ТМ6 ҚҰРЫЛҒЫМНЫҢ ДЫБЫСЫН ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚДЫБЫСТАРДЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫН ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТЕ АПЛАМЫН ?

Дыбыстарды Термомикстің өз мәзіріндегі «Баптаулар» бөлімінде басқаруға болады.

Тамақ пісіру аяқталғанда Термомикстен шығатын дыбыстың қаттылығын, ұзақтығын және әуенін таңдау үшінмәзірдің «Рингтон» тармағын пайдаланыңыз. Ақтық дыбыс ұзақтығын үш мәрте қайталауға дейін азайтуғаболады.

Сіз «Әрі қарай» түймесінің дыбысын да реттей аласыз.

ТЕРМОМИКС ТМ6 ДИСПЛЕЙІНІҢ КОНТРАСТЫН / АШЫҚТЫҒЫН БАПТАЙ АЛАМ БА?

Контрасты мен ашықтығы Термомикс ТМ6 өз мәзірінің «Баптаулар» -> «Дисплей» тармағында реттеледі..

СЕРИЯЛЫҚ НӨМІРІН, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА НҰСҚАСЫН ЖӘНЕ ӨЗІМНІҢТЕРМОМИКС ТМ6 ҚҰРЫЛҒЫМ ТУРАЛЫ БАСҚА АҚПАРАТТЫ ҚАЙДАН ТАБААЛАМЫН?

Өз термомиксіңіз туралы ақпаратты қарау үшін мәзірге кіріңіз (дисплейдегі үш жолағы бар таңбаша). Сериялықнөмірі мен бағдарламалық жасақтама нұсқасын қарау үшін «Баптаулар» тармағына кіріп, «Термомикс нұсқасыжәне жаңартуды» таңдаңыз. Бұл ақпарат аспабыңыздың жоғарғы корпусы астындағы арнайы тақтайшада дабар.

ТЕРМОМИКСТЕ ПІСІРУ ҮШІН ӨЗ РЕЦЕПТТЕРІМДІ ҚАЛАЙ БЕЙІМДЕУІМЕ БОЛАДЫ?

Рецептерді бейімдеу өте оңай! Термомикс рецептері ішінен бейімдегіңіз келетін рецептке ұқсасын табыңыз.Пайдаланушы нұсқаулығындағы қауіпсіздік бойынша нұсқауларды орындаңыз, ингредиенттердің қажет мөлшерімен сапапсын пайдаланып, сізде көрсетілгендей етіп пісіре беріңіз. Қадам-қадаммен бейімдеңіз және шыққаныне шықпағаны туралы белгі қойып отырыңыз. Мінсіз нәтижеге жету үшін бірнеше талпыныс жасау қажет болуымүмкін, сондықтан алғаш әзірлегенде ойдағыдай шықпаса, уайымдамаңыз. Және сізге көмек не кеңес қажетболса, көмекке жүгіне аласыз.

ИНГРЕДИЕНТТЕР МӨЛШЕРІН ҚАЛАЙ АЗАЙТА АЛАМЫН (МЫСАЛЫ, 4 АДАМҒААРНАЛҒАН РЕЦЕПТЕН 1 АДАМҒА АРНАЛҒАН ТАҒАМҒА)?

Сіз ингредиенттер мөлшерін қолдан ас әзірлеу режимінде азайта аласыз, бірақ ингредиенттердің аз мөлшеріүшін тамақ пісіру уақытын азайтуға тура келетіндіктен (майдалау мен қыздыруды қоса алғанда), қадам-қадаммен ас әзірлеу режиміне бұл жарамайды.

ӨЗ ТЕРМОМИКС ТМ6 ҚҰРЫЛҒЫМДЫ ТАСЫМАЛДАУҒА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАСАМБОЛАДЫ?

Тасымалдау режимі сізге ілмекті механизм көмегімен Миксер ыдысын және қақпақты құлап кетуденсақтандыруға мүмкіндік береді.

1 Миксер ыдысы мен қақпақ дұрыс қалыпта екеніне көз жеткізіңіз.

2 Бас мәзір -> Тасымалдау режиміне кіріп, режимді белсендендіріңіз.

3 Ілмекті механизм белсендендіріледі. Одан соң өз Термомиксіңізді өшіріп, оны қауіпсіз түрде тасымалдайаласыз.

ТЕРМОМИКС ДИСПЛЕЙІ МЕН КОРПУСЫН ҚАЛАЙ ТАЗАЛАЙ АЛАМЫН?

Алдымен, аспапты электр желіден ажыратыңыз. Дисплей мен корпус тазалаудың құнтты құралдарынпайдаланып, жұмсақ дымқыл шүберек көмегімен тазаланады. Аспап ішіне ылғал кетуін болдырмас үшін,тазалау кезінде суды абайлап пайдаланыңыз. Өткір заттарды, жемір жуу құралдары мен спрейлердіпайдаланбаңыз.

ҚАНДАЙ ДА БІР РЕЦЕПТІ ӘЗІРЛЕУ ҮШІН ТЕМПЕРАТУРА ШКАЛАСЫН ЦЕЛЬСИДЕН ФАРЕНГЕЙТКЕ АУЫСТЫРА АЛАМЫН БА?

Иә, ол «Баптаулар» мәзірінде қолжетімді. Шкаланы ауыстыру аспабыңыздың температура өлшеу қабілетіне еш ықпал ете алмайды. Цельсий шкаласын пайдаланатын қадам-қадаммен ас әзірлеу рецептері үшін Фарентейт шкаласына ауыстыру мүмкін емес екеніне назар аударыңыз.

ТЕРМОМИКС ТМ6-ДА ТАМАҚ ПІСІРМЕС БҰРЫН РЕЦЕПТ БОЙЫНША ТОЛЫҚАҚПАРАТТЫ (ҚАДАМДАР, ИНГРЕДИЕНТТЕР...) ҚАРАЙ АЛАМЫН БА?

Рецепт таңдаған соң, экранды төменге қарай сырғытсаңыз, рецепт ингредиенттері мен қадамдары туралы қажетті барлық ақпаратты көресіз.

АҒЫМДАҒЫ ҚАДАМНЫҢ АЯҚТАЛУЫН КҮТІП ОТЫРҒАНДА, КЕЛЕСІ ҚАДАМДАРДЫ ҚАРАЙ АЛАМЫН БА?

Иә. «Әрі қарай» түймесі жанындағы үш нүктені басып, «Рецептің егжей-тегжейін» таңдасаңыз, ағымдағы рецептің барлық қадамын қарай аласыз (барлық ақпаратты көру үшін, төменге қарай сырғытыңыз). Егер осы тізімдегі кез-келген қадамды бассаңыз, ас әзірлеудің ағымдағы қадамына қайтып ораласыз.

ТЕРМОМИКС ТМ6-ДА АС ӘЗІРЛЕУ КЕЗІНДЕ РЕЦЕПТЕРДІ ҚАРАЙ АЛАМЫН БА?

Ас әзірлеу кезінде рецептерді іздеу үшін «Үйге» түймесін басыңыз. Сіз өзіңіздің сақталған коллекцияларыңыз бен ас мәзіріңізді қоса алғанда, жүктелген 500-ден аса рецепті қарай аласыз.

ТЕРМОМИКС ТМ6 АКСЕССУАРЛАРЫН ЫДЫС ЖУАТЫН МАШИНАДА ЖУУҒА БОЛА МА?

Иә, Термомикс аксессуарларының барлығын ыдыс жуатын машинада жууға болады.

Қолмен жусаңыз да, ыдыс жуатын машинада жусаңыз да әрдайым Миксер ыдысын бөлшектеуден бастаңыз. Құрастыру алдында оны мұқият сүртіңіз және табанындағы ағытпалармен абай болыңыз.

ТЕРМОМИКС ТМ6-НЫҢ ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРІН ҚАЙДАН ТАБА АЛАМЫН?

Қазіргі уақытта барлық қосалқы бөлшектер мен аксессуарларға біздің дүкенімізде тапсырыс беруге болады.

ТЕРМОМИКС АКСЕССУАРЛАРЫНДАҒЫ (ДӘМДЕУІШТЕРДЕН БОЛҒАН) БОЯУЛАРДЫ ҚАЛАЙ КЕТІРЕ АЛАМЫН?

Куркума, сәбіз, томат т.б. ингредиенттер пластикке бояу жұқтыруы мүмкін. Бұған жол бермес үшін, пластик бөлшектердегі тамақ іздерін неғұрлым жылдам сүртіп кетіру қажет. Басқа бояулардың көбі біршама уақыт өткен соң өзінен-өзі кетеді, оны жылдамдату үшін бұл бөлшектерді күн шуағы түсетін жерге қоюыңызға болады.

МЕНДЕ ТМ5-КЕ АРНАЛҒАН АСПАЗДЫҚ КІТАПТАР БАР, ОЛАРДЫ ТМ6 ҮШІН ПАЙДАЛАНА АЛАМЫН БА?

Иә, әрине, Термомикс ТМ5-ке арналған рецептерді жаңа ТМ6-да әзірлей аласыз. ТМ6-ның Миксер ыдысы менВаром тіркемесінің өлшемі ТМ5 моделінің өлшемімен бірдей. Дегенмен, ТМ5-ке арналған рецептер ТМ-6-датестіленбегенін ескеріңіз.

ТЕРМОМИКС ТМ5-КЕ АРНАЛҒАН ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРДІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҰЗАҚЖЕТКІЗІП ТҰРАСЫЗДАР?

Қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін біздің дүкенге өтіңіз. Форверк компаниясы алдыңғы модель өндірісіаяқталған соң 10 жыл бойы қосалқы бөлшектерге тапсырыс беруге болатынына кепілдік береді.

ТЕРМОМИКС ТМ5-ТЕ АС ӘЗІРЛЕП ЖАТҚАН КЕЗДЕ, РЕЦЕПТЕРДІ ҚАРАЙ АЛАМЫНБА?

Егер сіз Термомикс ТМ5-те ас әзірлеп жатқанда, басқа рецепті таңдағыңыз келсе, жаңа рецепті іздемес бұрын,«Ағымдағы рецепті сақтауды» таңдау қажет.

МЕНІҢ ТЕРМОМИКС ТМ5 ҚҰРЫЛҒЫМДАҒЫ ТАРАЗЫ МАССАНЫ ДҰРЫСКӨРСЕТПЕЙ ТҰР. НЕ ІСТЕСЕМ БОЛАДЫ?

Егер таразы дұрыс істемей тұрса, бірінші кезекте аспабыңыз үш сирағына сүйеніп, жұмыс бетінде тік тұруынтексеріңіз. Электр кәбіл Термомикс астында қалып қоймағанына және тым қатты тартылып тұрмағанына көзжеткізіңіз. Сондай-ақ аспаптың сирақтары таза болуын қадағалау қажет (оның ішінде үгінділер мен қанттүйіршіктерінен). Егер проблема шешілмесе, жақын маңдағы сервис орталығына жүгінуіңізді өтінеміз.

МЕНІҢ ЕРМОМИКС ТМ5 ҚҰРЫЛҒЫМ ВАРОМ ТЕМПЕРАТУРАСЫНА ДЕЙІН НЕМЕСЕ 120 °C ДЕЙІН ҚЫЗБАЙДЫ.

Варом температурасы белгілі бір температураға жетеді дегенді білдірмейді, бұл бумен пісіруге арналған арнайыфункция. Су пайдаланған кезде, температура 100°C аспауы мүмкін, бұл температура шкаласында көрсетіледі.120°C температурасы – бұл бапталатын температура, бірақ оған май негізіндегі ингредиенттерді пайдаланыпқана жетуге болады.

МЕНІҢ ТЕРМОМИКС ТМ5 ҚҰРЫЛҒЫМ РЕЦЕПТЕР ЧИПІН ОҚЫМАЙДЫ НЕМЕСЕ ОҒАН ҚОСЫЛА АЛМАЙДЫ.

Егер Термомикс ТМ5 чипті оқымаса немесе оған қосыла алмай тұрса, бірінші кезекте Термомикс те, чип те тазаәрі құрғақ болуын тексеріңіз. Чипті бірнеше секундтан соң қайта қосып көріңіз. Егер проблема шешілмесе, жақынмаңдағы сервис орталығына жүгінуіңізді өтінеміз.

МЕНІҢ ТЕРМОМИКС ТМ5 ҚҰРЫЛҒЫМДА ҚАМЫР РЕЖИМІ МЕН ТУРБО РЕЖИМІ ІСТЕМЕЙ ТҰР. НЕ ІСТЕУІМ КЕРЕК?

Қамыр және Турбо режимдері ыдыс ішіндегі заттың температурасы 60°C жоғары болса, істемейтінін естесақтаңыз. Бұл режимдерді пайдаланамын десеңіз, ыдыстың және оның ішіндегі заттың температурасы 60°C төмен екеніне көз жеткізіңіз. Егер температура жоғары болса, суығанша күте тұрыңыз. Суу уақыты ыдыстағытағам типіне байланысты болады.

МЕНІҢ ТЕРМОМИКС ТМ5 ҚҰРЫЛҒЫМ ӨТЕ БАЯУ ҚЫЗДЫРАДЫ. НЕ ІСТЕУІМ КЕРЕК?

Егер Термомикс ТМ5 тым баяу қыздырады деп есептесеңіз, бұл 2-ші немесе 3-ші жылдамдықта байыппенқыздыруды пайдаланып жатқандығыңыздан болуы мүмкін. Егер жылдамдықтың осы баптауларын таңдасаңыз,температура басқа жылдамдықтарға қарағанда баяу көтерілетіні есіңізде болсын, бірақ бұл сізге сезімталингредиенттерді (мысалы, забальоне) біртіндеп қыздыруға мүмкіндік береді.

МЕНДЕ ТМ31-ГЕ АРНАЛҒАН АСПАЗДЫҚ КІТАПТАР БАР, ОЛАРДЫ ТМ6-МЕН ПАЙДАЛАНА АЛАМЫН БА?

Иә, сіз Термомикс ТМ31-ге арналған рецептерді ТМ5 және ТМ6 модельдерінде әзірлей аласыз. Дегенмен, ТМ5пен ТМ6-ға арналған рецептерді ТМ-31-де әзірлегенде, келесілерді ескеруіңіз қажет:

1 Ыдыстың максималды рұқсат етілген көлемі 2 литрден асып кетпегеніңізге көз жеткізу үшін, ингредиенттермөлшерін азайтыңыз.

2 Варом тіркемесінің максималды рұқсат етілген көлемі 2,2 литрден асып кетпегеніңізге көз жеткізу үшін,ингредиенттер мөлшерін азайтыңыз (тіркеме мықтап жабылуы керек).

3 100°C-ден 120°C-ге дейінгі температураны пайдаланатын рецептер үшін, 100°C температурасынпайдаланыңыз және пісіру уақытын көбейтіңіз. ТМ5 пен ТМ6-ға арналған рецептер ТМ31-де тестіленбегенінескеруді өтінеміз (ТМ6/ТМ5/ТМ31 таңбалауы бар рецептер барлық модельдерде тестіленді).

ТЕРМОМИКС ТМ31-ГЕ АРНАЛҒАН ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРДІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҰЗАҚ ЖЕТКІЗІП ТҰРАСЫЗДАР?

Қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін біздің дүкенге өтіңіз. Форверк компаниясы өндіріс аяқталған соң 10 жылбойы қосалқы бөлшектер өндірісіне кепілдік береді.

ТЕРМОМИКС ТМ31-ГЕ АРНАЛҒАН АКСЕССУАРЛАРДЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҰЗАҚ ЖЕТКІЗІП ТҰРАСЫЗДАР?

Аксессуарларды сатып алу үшін біздің дүкенге өтіңіз. Форверк компаниясы өндіріс аяқталған соң 10 жыл бойы аксессуарлар өндірісіне кепілдік береді.

Thermomix эксклюзив рецептерін, аспаздық сабақтарын, ұсыныстар мен соңғы жаңартуларды тікелей пошта жәшігіңізгеалыңыз.