Бұл жинақ беттерінен сіз отбасы мүшелерінің барлығына ұнайтын дәмді әрі пайдалы таңғы асқа идеялар, үйрек
етінен жасалған суфле немесе тауық еті мен саңырауқұлақ қосылған себетшелер сияқты талғамды ет
тағамдарының рецептін, сондай-ақ барлығына таныс салқын тіскебасарлар ммен салаттардың қызықты
нұсқаларын табасыз — тіпті дәстүрлі винегреттің өзін өзгеше әзірлеуге болады! Және әлемнің әр түкпірінен жеткен
нан пісірудің көптеген тәсілдері: альмойшавена испан күлшесі, француз фугасы, өзбек қаттамасы, түрік
ватрушкасы, басқа да сан алуан дәмдер. Біздің кітабымыздағы рецептер сіз жақындарыңыздан: «Мейрамхана
тағамынан дәмді! Біздің анамыз – нағыз бас аспаз, ал Термомикс – оның сенімді көмекшісі!» деген сөздерді жиі
естуіңіз үшін, сізге арнап әзірленіп, тексеріліп, сүйіспеншілікпен іріктеліп алынды.