Сіз бұл кітаптан көптеген үйреншікті тағамдардың диеталық тамақтануға арнап бейімделген рецептерін табасыз.
Мысалы, борщ пен қызылша сорпасын есте қалар дәмін сақтай отырып, етсіз пісіруге болады. Екінші тағамдарда
майлы емес сиыр етін, сондай-ақ диеталық құндылығы бар балық еті мен тауық етін пайдалануды ұсынамыз.
Жоғары сұрыпты ұн орнына – ірі тартылған ұн, тұтас дәнді ұн. Мал майының орнына – өсімдік майы. Егер
тағамыңызды тұздықпен дәмдегіңіз келсе немесе ерекше сусын ішкіңіз келсе, олардың рецептін осы кітаптың
сәйкес бөлімдерінен тауып, өзіңіз жасай аласыз.
Кітап соңында вегетариан диетасын ұстанатындар үшін ет пайдаланбай жасалатын рецептер (v) белгіленген
әліпби реттілігіндегі көрсеткі бар.
Термомикспен бірге қарапайым әрі талғамды, жеңіл әрі тойымды, бірақ дәмді әрі пайдалы тағамдарды әзірлеңіз.
Деніңіз сау, көңіліңіз көтеріңкі болсын!