Осы брошюраға енген үйдегі консервацияның 15 рецепті еш қиналмастан қысқа тосап, джем, көкөніс
тіскебасарларын, және тұздықтарды дайындауға көмектеседі. Ол үшін көп нәрсе қажет емес — асүйдегі
таптырмас көмекші Термомикс, біздің тексерілген рецептеріміз, және сіздің шабытыңыз. Құтыларды жабуға
арналған жақсы машина артықтық етпейді — осылайша сіздің дайындамаларыңыз ұзақ сақталып, өзінің тағамдық
және дәмдік қаисеттерінен айырылмайды. Бүгінде, Термомикстың арқасында үйдегі дайындамалар жаңа деңгейге
шықты — сіз әр істеген сайын өзіңізді және жақындарыңызды қуантатын кепілді нәтижеге қол жеткізіп, оларды
оңай әрі жылдам істей аласыз.