«Сүйікті рецептер» брошюрасы 2 шығарылым

5600 ₸
Товар успешно добавлен в корзину!
Ошибка добавления товара.
Тапсырысты рәсімдеу кезінде икемді нұсқалар қолжетімді
Бұл жолы назарымыз жерорта теңізі аспаздығына, Испанияда, оның аралдарында және аймақтарында танымал
тағамдарға түсті.
Ұзақ уақыт бойы Испания аспаздығы тұтастай «жерорта теңізі диетасы» негізінде құрылған және көкөністер, күріш
және теңіз өнімдері басым келетін, минималды термиялық өңдеуден өткен қарапайым тағамдардан тұрады деген
пікір болды. Алайда бұл шындыққа жанаспайды. Жерорта теңізіндегі басқа елдерге қарағанда, Испанияда етті
балықтан кем жақсы көрмейді. Біздің елдегідей, мұнда да ішіне турама салып, орамалар айналдырып, ет пен
көкөністерді түрлі үйлесімде пісіріп эксперимент жасап көруден тайсалмайды.
Рецептері осы жинаққа енген саумалдық қосылған шошқа етінен жасалған орамаларды, иберийше дайындалған
бұзау етін немесе «Майорка» көкөніс бәлішін жасап көріп, өзіңіз көз жеткізе аласыз. Ал жерорта теңізі аспаздығын
теңіз өнімдерінсіз елестете алмайтындар үшін — көксеркеден жасалған тағамдарымыз бен «Испанияның шуақты
жағалауы» мидиялар қосылған сорпасы.
«Сүйікті рецептер. №2 шығарылым» кітабын дайындау кезінде бір тақырыпқа біріктірілген, бірақ нақты бір елдің
аспаздығымен ғана шектелмейтін, рецептердің ойластырылған және тезден өткен коллекциясын жасауды мақсат
етіп қойдық. Сондықтан Пиреней түбегінің рецептерін латын америкасы ашшылығымен (мексикаша дайындалған
сиыр еті) және экзотикалық азия дәмдерімен («Понзу»і тұздығы қосылған, ішіне турама салынған шампиньондар,
лағман) араластырдық. Валенсияда «Дастархан басына әрдайым бір шақырғаннан отыру» деп аударуға болатын
мәтел бар. Ал біз рецептері осы жинаққа кірген тағамдардың тәбет ашар иісін сезген отбасыңыздың мүшелері,
шақырмай-ақ бір дастархан басына жаиналатынына сенімдіміз.
Читать больше

Спасибо! Ваша заявка на обслуживание отправлена.
Oops! Something went wrong while submitting the form.
Please refresh and try again.