Бұл ретте, балаға күтім жасау көп күш пен уақыт алатыны белгілі. Сондықтан, балалар дастарханына арналған
рецептке қояр тағы бір маңызды талабымыз — бұл тамақтың оңай әрі аз уақытта жасалуы.
«Балаларға арналған 100 рецепт» жинағы балалардың ас мәзіріне арналған, үгілген ет пен көкөністерден
жасалған тойымды әрі пайдалы сорпалардан бастап, балаға сергектік сыйлайтын, дәруменге бай, дәмді жеміс
езбелеріне дейінгі тексерілген рецептерді ғана назарыңызға ұсынады.
Әр рецепте тағам қай жастағы балаға арналғаны туралы жазылған. Бұл ретте, тағам құрамына кіретін
ингредиенттер рационға сәби кезден бастап қосуға болатындай етіп таңдалған. Балаңыз өсе келе, тағамдарға
аздап дәмдеуіштер мен басқа да қоспаларды қоса аласыз, езбелеу қадамын өткізіп жіберіп, анағұрлым қою етіп
бере аласыз — бірақ рецептер негізі сегіз ай бұрынғыдай, немесе екі-үш жыл бұрынғыдай өзгеріссіз қалуы мүмкін.
Назар аударыңыз — барлық рецептер «Оңай» немесе «Орташа» таңбашасымен белгіленген және
ингредиенттерді алдын ала дайындауды қажет етпейді. Ұсынылған тағамдардың көбі мұздатуға шыдас береді
және мұздату каимерасында порциялы ыдыстарда сақтауға болады — сізге бар болғаны қажет кезде
контейнерден алып, алдын ала әзірленген тағамды су жылытқышта немесе Varoma тіркемесінде микротолқынды
пеште жылыту ғана қалады.