ТМ6 Black

1000000 ₸
Товар успешно добавлен в корзину!
Ошибка добавления товара.
Тапсырысты рәсімдеу кезінде икемді нұсқалар қолжетімді
Thermomix TM6 — жаңартылған қара түсті, асүйдегі бірнеше аспапты алмастыра алатын, кең функционалы бар, көп
функциялы құрылғы. Термомикc майдалай алады, кесе алады, қуыра алады, қажет температураны ұстап тұрып, ас әзірлей
алады, илей алады және басқа да көптеген әрекеттер жасай алады. Сырттай қарағанда өз ізашарынан айырмашылығы
шамалы болғанымен, ТМ6 – теңдесі жоқ, инновациялық жабдық.
TM6-ның алдыңғы модельден басты айырмашылығы — бұл сіздің Термомикс ТМ6 құрылғыңыздың экранындағы 500-ден
аса рецепт. 6,8 дюймдік үлкейтілген сенсорлы экранның және жанасымға жетілдірілген үн қосудың арқасында құрылғыны
басқару да ыңғайлы бола түсті. Жедел жад 1 Гб, ал кіріктірілген жад — 16 Гб.
Сондай-ақ баяу ас пісіру және су-вид функциялары — төмен температурада ваккумда тағамдар әзірлеу қосылған.
Анағұрлым жоғары температураларда тамақ пісірген кезде, процесс тіпті ингредиенттер температурасын да бағалайтын
қауіпсіздікті қатаң бақылаумен сүйемелденеді. Егер бұл қадамда сізден салқын су құюды сұрап, сіз оның орнына жылы су
құйсаңыз, Thermomix тоқтатып, сізге қателік туралы ескертеді.
«Ашыту» деп аталатын жаңа режим көмегімен енді йогурттар, ірімшіктер, массалар т.б. әзірлеуге болады. Процесс уақыты
12 сағатқа дейін.
Құрылғыны техникалық жарақтандыру да көбінесе қайта жасалған және жетілдірілген. Максималды қуаттылығы 1500Вт
жаңа қозғалтқыш жұмыс жылдамдығын минутына 40-тан 10 000-ға дейін баптауға мүмкіндікі береді. Корпус пен пышақтар
материалдарының сапасы да жақсартылған. Дірілге орнықты болуы үшін енді араластыру ыдысының резеңке негізі бар.
Мультитілді, оның ішінде, қазақ, орыс, украин тілдеріндегі мәзір бар.
Читать больше

Термомикс ТМ6/ Thermomix TM6 асүй комбайны және Varoma тіркемесі
Артикул: 62668
Бренд: Thermomix
Түсі: Қара
Модель: ТМ6
Габариттер ЕхТхБ: 32,6х32,6.6х34.1
Салмағы: 13кг
Қуаттылығы: 1500Вт
Ыдыс сыйымдылығы: 2,2л
Жылдамдықтар саны: 10
Айналудың макс. жылдамдығы: минутына 10700 айналым
Импульсивті режим: Бар
Жатық реттеу: Бар
Басқару: Сенсор
Шырынсыққыш: Жоқ
Еттартқыш: Бар
Диірмен: Бар
Саптамалар: Бұлғауға арналған саптамалар
Қалақша: Бар
Асқын жүктемеден қорғаныш: Бар
Корпус материалы: Пластик
Ыдыс материалы: Тот баспайтын болат
Желілік баусым: 1м
Резеңке кигізілген сирақтар: Иә

Спасибо! Ваша заявка на обслуживание отправлена.
Oops! Something went wrong while submitting the form.
Please refresh and try again.